ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН, ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМЛАСТЫРУ ҚАБІЛЕТІН, ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ПЕДАГОГ-ШЕБЕР, ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ САНАТЫНДАҒЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ ОНКҮНДІГІ.
?2025 жылдың 14 қараша күні дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші Жумажанова Венера Жумагуловна 9 ”А” сыныбына дене шынықтыру пәнінен Акробатикалық элементтердің жиынтығын құру (Топтастыру жаттығуларын жасау) тақырыбында ашық сабақ өткізді.
✅Сабақтың оқу мақсаты:
?9.3.2.1 нақты дене шынықтыру сабақтарына арналған қыздыру жаттығуларын құру, түсіндіру және өткізу, олардың ағзаны қалпына келтіру тиімділігін бағалау.
✅Сабақ барысында акробатикалық элементтердің жиындығын құру мақсатында оқушылармен жеке жұмыс, жұптық, топтық жұмыстар жүргізілді. Сабақ басында “HeyGen АІ” ЖИ платформасы арқылы сабақтың қауіпсіздік ережесі түсіндірілді. “Алға домалау”, “Артқа домалау”, “Жауырынмен тұру”, “Енденнен кеудені көтеру”, “Жатып кеудені сығымдау” жаттығулары қолданылды. Сабақтың соңында “3-2-1”әдісі арқылы PADLET онлайн тақта арқылы керібайланыс жүргізілді. Қолданылған “PADLET” онлайн тақтасы, “HeyGen АІ” ЖИ платформаларымен жұмыс жасады.