Skip to content

📚 2 қыркүйек күні мектебімізде Маңғыстау облысының Экономикалық тергеу департаментінің…

📚 2 қыркүйек күні мектебімізде Маңғыстау облысының Экономикалық тергеу департаментінің маманы Абитаев Ернар Абдибековичтің қатысуымен «Заң және тәртіп: қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға қаржылық қауіпсіздік, алаяқтықтан сақтану жолдары, жеке деректерді қорғау және қаржылық сауаттылықтың маңызы туралы ақпарат берілді. Бейнебаяндар көрсетіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Шараға 170 оқушы қатысып, қаржылық қауіпсіздік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында маңызды мәліметтермен танысты.

#ЗаңЖәнеТәртіп #ҚаржылықҚауіпсіздік #ҚұқықтықСауаттылық #Маңғыстау #МектепӨмірі

↑