«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру
бойынша Ақтау қаласының жол картасы негізінде «Жетекші мектеп» жоба аясында МОББ АҚБ ББ «№14 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру арқылы сапалы білімге қол жеткізу» атты қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері келіп, спикерлердің баяндамасын тыңдап, соңында талқылау жұмыстарын жүргізді. Семинарға №14 ЖББМ мұғалімдері К.Аймагамбетова, А.Туякова, №20 ЖББМ А.Карайдарова, №23 ЖББМ А.Аманғали тәжірибелерімен бөлісті.





