Skip to content

Білім жолындағы алғашқы белес! 🎓 Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн!…

Білім жолындағы алғашқы белес! 🎓

Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн! 143 түлегіміз негізгі орта білім туралы аттестаттарын алып, үлкен өмірге қадам басты.

Біздің мектептің мақтанышы, терең білімімен және жауапкершілігімен көзге түскен Сарсенбай Даниярды ерекше атап өткіміз келеді! Данияр оқудағы озаттығының арқасында үздік аттестат иегері атанып отыр. Бұл – тынымсыз еңбектің, табандылықтың және білімге деген құштарлықтың жемісі.

Құрметті түлектер, сіздердің әрқайсыларыңыз өздеріңіздің жарқын болашақтарыңыздың авторысыздар. Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз биік болсын!
Сәттілік, түлектер! Жаңа бастамаларыңыз құтты болсын! 🌟

#түлек2026 #9сынып #үздіктер #білімжолы #СарсенбайДанияр мақтаныш мектепөмірі