🔔 1 ҚЫРКҮЙЕК – АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІ 🇰🇿📚
Бүгін №14 жалпы білім беретін мектебінде жаңа 2026–2027 оқу жылының шымылдығын ашқан Алғашқы қоңырау салтанатты түрде өтті.
Мерекелік жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар жаңа оқу жылының басталуымен құттықталды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн – өмірлеріндегі ең жарқын әрі есте қаларлық сәттердің бірі болды.
Биылғы оқу жылының алғашқы сабағы «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағатымен жалғасын тапты.
Жаңа оқу жылы барша оқушыларымызға мол білім, биік белестер, шығармашылық табыс пен жарқын жетістіктер әкелсін! Ұстаздарымызға шабыт, ата-аналарымызға амандық, ал шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын! 🌸
Ізгі тілекпен, №14 жалпы білім беретін мектеп ұжымы.
#1қыркүйек
#біртұтас_тәрбие
#адалазамат
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@aktau.bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
