🔬 «ЗЕРДЕ» — ЗЕРТТЕУГЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
2026–2027 оқу жылына арналған Әдістемелік жоспарға сәйкес, директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары Агзамова Сая Ерсайынқызының ұйымдастыруымен 2–7 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Зерде» республикалық зерттеу жобасы бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар өткізілді.
📌 Семинар тақырыбы:
«Зерде» ғылыми жобасы: оқушының зерттеушілік қабілетін қалыптастыру және жобаны сапалы ұйымдастыру
🎯 Семинардың мақсаты:
Бастауыш және негізгі орта буын оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелеу; мұғалімдерге «Зерде» жобасына оқушыларды дайындаудың тиімді жолдарын, ғылыми жобаның тақырыбын дұрыс таңдауды, зерттеу мақсатын айқындауды, жұмыстың құрылымын сақтауды және жобаны қорғауға дайындау әдістерін түсіндіру.
💡 Семинар барысында ғылыми жоба тақырыбын таңдаудың талаптары, зерттеу жұмысының кезеңдері, өзектілігі мен мақсатын анықтау, зерттеу әдістерін тиімді пайдалану және оқушының жобасын қорғауға дайындау мәселелері қарастырылды.
✨ Зерттеу — ізденістен, ізденіс — қызығушылықтан басталады!
Бүгінгі оқушының ғылыми і
