Skip to content

🚀 «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылыми байқауы өз мәресіне жетті!…

🚀 «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылыми байқауы өз мәресіне жетті!

Елордада 9–11 (12) сынып оқушылары арасында өткен ғарыштық зерттеулер бағыты бойынша халықаралық ғылыми конкурс дарынды жастарды анықтап, ғылымға деген қызығушылықты арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Қытай мен Түркиядан 200-ге жуық оқушы қатысты.

🏆 Қорытынды бойынша қатысушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Осы беделді байқауда Маңғыстау облысының намысын қорғаған Ақтау қаласы #14 мектептің жас зерттеушілеріміз жүлделі 3-орынға ие болды! 🌟

👤 Иса Аян Аманжолұлы
👤 Кеңес Алдияр Қанатұлы

Жас ғалымдарымыздың табандылығы мен ғылыми ізденіске деген құштарлығы осындай жоғары нәтижеге жеткізді. Бұл – үлкен жетістіктердің бастамасы!

Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылым жолында биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз! ✨

✨ Жетекшісі: Агзамова Сая Ерсайыновна