📽️ Каникул кезіндегі әсерлі сәттер
Каникул уақытын тиімді әрі мағыналы өткізу мақсатында мектебіміздің 5 «А» сынып оқушылары «Пейіш 2: Анама хат» атты тәрбиелік мәні жоғары кино туындысын тамашалап қайтты.
Кино барысында оқушылар анаға деген сүйіспеншілік, құрмет пен мейірімнің қаншалықты маңызды екенін ұғынып, жүректеріне ерекше әсер алды. Фильмнің әрбір көрінісі балаларға ой салып, ата-анаға деген қамқорлық пен алғыстың қадірін түсінуге мүмкіндік берді.
Осындай мәдени-танымдық шаралар оқушылардың рухани дамуына оң ықпал етіп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Сынып жетекшісі: Абдулаева М.
#адалазамат
#анағахат
#пейіш2
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@aktau.bilim_bolimi
