📌 №4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
📅 27.03.2026 ж.
📍 Тақырыбы: Білім беру ұйымында қауіпсіз орта қалыптастыру: төтенше жағдайлардағы әрекет және алдын алу шаралары
Бүгін мектебімізде №4 педагогикалық кеңес отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
🔹 ДОІЖО Досаева Р.Д. оқу үлгерімі мен білім сапасының тоқсандық қорытындысы бойынша салыстырмалы талдау жасап, нақты деректер ұсынды.
🔹 ДОІЖО Бижанова Г.С. ІІІ тоқсан қорытындысы негізінде пәндер бойынша білім сапасының нәтижелерін саралап, алдағы жұмыс бағыттарын белгіледі. Сонымен қатар қорытынды аттестаттауға арналған пәндер тізбесі бекітілді.
🔹 ДТІЖО Сартова Ж.С. ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.
🔹 ДТІЖО Жилгелдиева А.У. оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды атап өтті.
🔹 Отрукулиева К.О. төтенше жағдай кезіндегі әрекет алгоритмін түсіндіріп, қауіпсіз орта қалыптастырудың өзекті тұстарын көрсетті.
✨ Педагогикалық кеңес барысында білім сапасын арттыру, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және тәрбие жұмысын жүйелеу бағытында нақты шешімдер қабылданды.
#педкеңес
#қауіпсізорта
#білімсапасы
#мектеп
#тәрбие
#Ақтау
