🥯 «Бір бауырсақ – бір мақал»
Наурызнама аясында мектебімізде «Бір бауырсақ – бір мақал» атты ерекше шара өткізілді.
✨ Шара барысында оқушылар бауырсақтан дәм татып қана қоймай, әрқайсысы бір-бір мақал айтып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
📚 Мақал-мәтелдер арқылы ұлттық тәрбие мен даналық сөздер насихатталып, оқушылардың сөздік қоры дамыды.
🎉 Бұл шара – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға бағытталған ерекше бастама болды.
👏 Белсенді қатысқандарға алғыс білдіреміз!
#адалазамат
#бірбауырсақбірмақал
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@aktau.bilim_bolimi
