📌 Алғыс айту күні
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектебімізде 3 «В» сыныбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Ғайыпова Айгерім оқушылармен бірге алғыс айтудың маңызы туралы әңгіме жүргізіп, мейірімділік пен сыйластықты насихаттады.
Оқушылар ата-анасына, ұстаздарына және достарына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты. Шара барысында балалар алғыс сөздерінің адамға қуаныш сыйлайтынын түсінді.
✨ Алғыс айту – ізгіліктің белгісі.
Баршаңызды бір-біріңізге алғыс айтып, жақсылық жасауға шақырамыз!
#адалазамат
#алғысайтукүні
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@aktau.bilim_bolimi
