✅ ҰСТАЗЫҢМЕН ДАЙЫНДАЛ – НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ!
📍 Ақтау қаласы, МОББ АҚБББ “№14 ЖББМ” КММ
Физика пәні мұғалімі, педагог-модератор Асханбаева Жанар Бақытқызы
“Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындалудың тиімді әдіс-тәсілдері” атты видеосабағы
🌍 Тақырыбы:
Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындалудың тиімді әдіс-тәсілдері
🎯 Мақсаты:
Білім алушыларды ҰБТ-да жиі кездесетін есептер түрлерімен таныстыру, физикалық заңдылықтар мен формулаларды жүйелі меңгерту, графиктер мен диаграммалармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, теориялық білімді тәжірибелік есептерді шығарумен ұштастыра отырып, нәтижелі дайындыққа бағыттау.
📘 Видеосабақта:
✔ ҰБТ форматындағы есептер мен тестік тапсырмаларға талдау жасалады;
✔ Физикалық заңдарды түсіну және формулаларды есеп шығаруда дұрыс қолдану жолдары қарастырылады;
✔ Графиктер, кестелер және физикалық модельдермен жұмыс жасау тәсілдері ұсынылады;
✔ Күрделі есептерді логикалық ойлау және талдау арқылы шешу дағдылары қарастырылады;
✔ Есеп шығаруда уақытты тиімді пайдалану стратегиялары түсіндіріледі.
✨ Нәтижеге бағытталған дайындық – сапалы білім кепілі!
#ҰБТ2026 #Физика #ТиімдіӘдістер #ПедагогМодератор #СапалыБілім Ақтау 14ЖББМ
