✨ «ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ: ИННОВАЦИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ, ТӘЖІРИБЕ» ✨
📍 №14 ЖББ мектеп базасында
📅 21.02.2026 ж.
⏰ 09:00–13:00
🏆 «Оқушы жетістігі – ұстаз еңбегінің айнасы»
Семинар барысында оқушылардың оқу, шығармашылық және спорттық жетістіктері бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Мұғалімдер оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс, қосымша тапсырмалар беру, жарыстар мен байқауларға қатыстыру арқылы қол жеткізілген жетістіктер туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Оқушылармен жүргізілген мақсатты жұмыс білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық және спорттық қабілеттерінің дамуына оң әсерін тигізгені атап өтілді.
🎤 Спикерлер:
🎨 Көркем еңбек пәні мұғалімі – Жамантаева Гулнур
🏃♂️ Дене шынықтыру пәні мұғалімі – Жолдасов Шарафат
✨ Оқушы жетістігі – сапалы білім мен кәсіби ұстаз еңбегінің нәтижесі!
#ОқушыЖетістігі
#КәсібиДаму
#СапалыБілім
#ЗаманауиМұғалім
#Инновация
