✨ «ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ: ИННОВАЦИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ, ТӘЖІРИБЕ» ✨
📅 2026 жылдың 21 ақпан күні «Эстетикалық пәндер мен дене шынықтыру сабақтарында инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәжірибені тиімді қолдану» тақырыбында мазмұнды семинар-воркшоп ұйымдастырылды.
🎯 Мақсаты: эстетикалық пәндер мен дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи педагогикалық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын сабақ үдерісіне тиімді енгізу арқылы оқыту сапасын жақсарту.
🔹 Модератор: Шодырова Айжан Теңелқызы
🔹 Қатысушылар: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әдісбірлестік жетекшілері және пән мұғалімдері.
💃 Семинар «Сергек ұстаз – табысты сабақ» атты көңілді зумба биімен басталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады (дене шынықтыру пәні мұғалімі Капиш Нұрсулу).
📚 «Сапалы білім – табысты болашақтың кепілі» панорамалық сабағында музыка мен дене шынықтыру пәндерінің кіріктірілген үлгісі көрсетілді (Кидасова Марзия, Жумажанова Венера).
🗣 «Сабақты талдау – кәсіби дамудың негізі» бөлімінде сабаққа кері байланыс беріліп, тиімді талдау жүргізілді (Шодырова Айжан, Орын Шапағат).
💡 «Жоба – тәжірибе мен жаңашылдықтың тоғысы» кезеңінде мұғалімдер өз жобаларын қорғап, тәжірибе алмасты (Шерипбаев Жамбыл, Балтабаева Алмагуль).
🌟 «Ізденіс пен шығармашылық – нәтижелі білім берудің кепілі» педагогикалық идеялар шеруінде тың бастамалар ұсынылды (Бижанова Галия, Капиш Нурсулу).
🤖 Шеберлік сағатында «Жасанды интеллект – мұғалімнің заманауи көмекшісі» тақырыбында ЖИ платформаларын қолданудың тиімді жолдары көрсетілді (Шопанова Нұргүл, Кубесов Биржан).
📝 «Сапалы бағалау – сапалы білімнің негізі» бөлімінде топтық жұмыс арқылы бағалау тапсырмалары құрастырылды (Тулеуов Серик, Жамантаева Гулнур).
🏆 «Оқушы жетістігі – ұстаз еңбегінің айнасы» бөлімінде оқушылармен жұмыс нәтижелері таныстырылды (Жамантаева Гулнур, Жолдасов Шарафат).
✨ Семинар барысында тәжірибе алмасу, шығармашылық ізденіс және инновациялық идеялар тоғысып, әріптестерімізге жаңа серпін берді.
#ЗаманауиМұғалім
#Инновация
#ПедагогикалықТәжірибе
#ЖасандыИнтеллект
#СапалыБілім
#ШығармашылықҰстаз
