🤍 «ЖЫЛЫ ҚҰШАҚ» ЧЕЛЛЕНДЖІ
❤️Мектебімізде ұйымдастырылған «Жылы құшақ» челленджі – ұжым арасында мейірімділік, сыйластық пен өзара қолдауды арттыруға бағытталған ерекше бастама болды.
🥰Челлендж барысында әріптестер бір-біріне жылы лебіз білдіріп, шынайы ықылас пен жанашырлық танытып, жағымды эмоцияға толы атмосфера қалыптастырды.
🎯 Мақсаты:
– Ұжымда достық қарым-қатынасты нығайту;
– Бір-біріне деген құрмет пен сенімді арттыру;
– Жанашырлық пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу;
– Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
🌿 Жылы сөз бен шынайы құшақ – ұжымның бірлігін арттырып, жұмысқа деген шабытты еселей түсетіні анық.
Ұйымдастырған жас мамандар:
✨ Ералы Гүлсін
✨ Довлетов Ислам
✨ Амандықова Жансая
#ЖылыҚұшақ
#Челлендж
#Бірлік
#Мейірімділік
#ЖағымдыОрта
#ЖасМамандар
#МектепӨмірі
