Skip to content

🏆 «Abilympics» — ЕРЕКШЕ ТАЛАНАТТАР ДОДАСЫ! Ақтау қаласында ерекше білім…

🏆 «Abilympics» — ЕРЕКШЕ ТАЛАНАТТАР ДОДАСЫ!

Ақтау қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар арасында кәсіби шеберлікті шыңдайтын Abilympics конкурсы басталды! 🌟

Бұл жарыс — балалардың бойындағы шексіз мүмкіндіктерді паш етіп, болашақ мамандыққа алғашқы қадам жасауға көмектесетін үлкен жоба.

Аталған шара WorldSkills Kazakhstan бастамаларымен сабақтасып, оқушылардың ерте кәсіби бағдар алуына жол ашады.

🏅 Біздің қатысушылар:
• 🍕 Балықбай Кәусар (6 «Ғ» сыныбы) — «Пицца дайындау» бағыты бойынша. Жетекшісі: Шодырова Айжан Тенелқызы
• 🍞 Шайахметов Тимур (5 «А» сыныбы) — «Нан пісіру» бағыты бойынша. Жетекшісі: Абдулаева Меруерт Шадияровна
• 🧵 Ибрагимов Асхат (7 «Е» сыныбы) — «Құрақ құрау» бағыты бойынша. Жетекшісі: Амандықова Ботагөз Оқубекқызы
• 🥕 Ахмадқызы Ажар (5 «Г» сыныбы) — «Көкөніс карвингі» бағыты бойынша. Жетекшісі: Медоуова Үміт Етмишовна
• 📸 Иманбаев Керей (6 «Ж» сыныбы) — «Мобилография» бағыты бойынша. Жетекшісі: Муналбаева Гүлдана Аманқосқызы

✨ Бұл дода – еңбекқорлық пен шығармашылықты ұштастырып, әр оқушының өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді.
✨ Әрбір қатысушы – біз үшін жеңімпаз!

💪 Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!
Сіздердің талпыныстарыңыз бен таланттарыңыз – біздің мақтанышымыз! ✨🏆

#Abilympics
#AbilympicsKazakhstan
#ЕрекшеБалалар
#ШексізМүмкіндік
#InclusiveEducation
#БаршағаБілім
#ЖасШебер
#КәсібиБағдар
#SkillsForLife
#TalantWithoutLimits
#МектепМақтанышы