Skip to content

📢 «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» Мектебімізде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы…

📢 «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

Мектебімізде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тақырыптық дебат ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараны мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы және мектеп дебат клубы бірлесіп өткізді.

Дебаттың мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және өз ойын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Ойын барысында қатысушылар:

цифрлық қауіпсіздік мәселелерін талқылады,

өз пікірлерін дәлелдер арқылы қорғады,

белсенділік пен тапқырлық танытты.

Іс-шара өте тартымды әрі мазмұнды өтті. Оқушылар өз білімдері мен шешендік қабілеттерін көрсете білді.

#адалазамат
#цифрлықәлемдеқауіпсізқадам

@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@aktau.bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy