Skip to content

📌 «Ақ жаулықты ананың жолын жалғар қыздар» сайысы «Инабат» қыздар…

📌 «Ақ жаулықты ананың жолын жалғар қыздар» сайысы
«Инабат» қыздар ұйымының жылдық жоспарына сәйкес 9–11 сынып оқушылары арасында «Ақ жаулықты ананың жолын жалғар қыздар» атты тәрбиелік мәні зор сайыс ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараны мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы жоғары деңгейде өткізді.
Сайыстың мақсаты – қыз балаларды әдептілікке, инабаттылыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және аналардың өнегелі жолын жалғастыруға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, салт-дәстүрге байланысты тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты. Сайыс өте тартымды әрі мазмұнды өтті.

#адалазамат
#ақжаулықтыаналар

@birtutas_tarbie_mangystau
@aktau.bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@rumcdo.kz