Skip to content

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында мектебімізде экологиялық бағыттағы сынып сағаты өткізілді.…

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында мектебімізде экологиялық бағыттағы сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты аялауға тәрбиелеу. Сабақ барысында еліміздегі экологиялық мәселелер, қоршаған ортаны ластанудан сақтау жолдары, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және табиғатты қорғаудың маңызы туралы кеңінен айтылды.

Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті, экологиялық тақырыпта пікір алмасты. Сонымен қатар, табиғатты қорғауға бағытталған нақты іс-әрекеттер жоспары ұсынылып, «тазалық – әр адамның ішкі мәдениетінің көрінісі» екені атап өтілді.

Мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастырып, қоршаған ортаға бейжай қарамайтын саналы азамат болып өсуіне ықпал етеді.
#тазақазақстан
#адалазамат

@birtutas_tarbie_mangystau
@aktau.bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@rumcdo.kz