Skip to content

👩🏻‍🏫ЖАС МАМАНДАР АЛАҢЫ 📅 2026 жыл, 30 қаңтар Жас мамандар…

👩🏻‍🏫ЖАС МАМАНДАР АЛАҢЫ

📅 2026 жыл, 30 қаңтар Жас мамандар жетекшісі М. Б. Дүзелбаеваның ұйымдастыруымен жас педагогтердің кәсіби және пәндік білімдерін тереңдету, логикалық ойлауын дамыту, жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру және әдістемелік тәжірибе алмасу мақсатында “Не? Қашан? Қайда?” форматында интеллектуалды квиз өткізілді.
Бұл формат атақты Что? Где? Когда? ойынының үлгісінде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше серпін берді.

🧠 Іс-шара барысында жас мамандар:
✔ түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп,
✔ логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап,
✔ командалық жұмыс арқылы өзара тәжірибе алмасты.

Қызықты сұрақтар мен тартысты кезеңдерге толы ойын жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға жаңа білім мен жағымды эмоция сыйлады.

🏅 Іс-шара соңында мектептің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б. К. Бесбаева қатысушыларға сертификаттар табыстап, жас мамандардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

✨ Осындай мазмұнды кездесулер – жас педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған маңызды қадам!

#ЖасМамандар
#ӘдістемелікЖұмыс
#ИнтеллектуалдыКвиз
#ПедагогДаму
#ТәжірибеАлмасу