Skip to content

🏫 “14 жалпы білім беретін мектебінде” ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың…

🏫 “14 жалпы білім беретін мектебінде” ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Жиналыстың тақырыбы: «Дені сау ұрпақ – болашағымыз: денсаулықты сақтаудың қызықты жолдары».

Іс-шара аясында №2 Ақтау қалалық емхана ШЖҚ МКК мамандарымен арнайы кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылардың денсаулығын нығайту, аурудың алдын алу, дұрыс тамақтану мәдениеті, күн тәртібін сақтау, гаджет қолданудың зияны мен пайдасы, жасөспірімдер арасындағы профилактикалық тексерулердің маңызы туралы маңызды ақпараттар берілді. Мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, нақты кеңестер ұсынды.

Жиналыстың басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты күшейте отырып, балалардың физикалық және психологиялық саулығын қамтамасыз ету. Себебі дені сау ұрпақ – елдің ертеңі, жарқын болашағының кепілі.

Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады. Бірлесе әрекет етіп, салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелейік!

#адалазамат
#денісауұрпақұлтболашағы

@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@aktau.bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy