🌟 «ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ: ИННОВАЦИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ, ТӘЖІРИБЕ»
«Математика, физика және информатика
сабақтарында инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәжірибені тиімді қолдану» тақырыбындағы семинар-воркшоп аясында
📌 Тәжірибелік бөлім (топтық жұмыс):
«Сапалы бағалау – сапалы білімнің негізі»
*Бағалау тапсырмаларын құрастыру*
🎤 Жетекшілер:
Эзжанова Завреш Отузбаевна,
Еркасова Камшат Мырзагалиевна
*Математика және информатика пәні мұғалімдері*
Тәжірибелік жұмыс барысында қатысушылар бағалаудың оқу сапасына тікелей әсер ететін маңызды құрал екенін терең түсініп, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастырумен айналысты. Топтық жұмыс форматында:
* оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау;
* дескрипторлар құрастыру;
* оқушылардың білім деңгейін нақты әрі әділ бағалауға бағытталған тапсырмалар дайындау жолдары қарастырылды.
Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, тиімді бағалау арқылы оқушылардың оқу мотивациясын арттыру мүмкіндіктерін талқылады.
✨ Бұл тәжірибелік жұмыс – сапалы бағалау жүйесін қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, кәсіби тәжірибесімен бөліскен әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз! 👏
