🌟 «ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ: ИННОВАЦИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ, ТӘЖІРИБЕ»
«Математика, физика және информатика
сабақтарында инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәжірибені тиімді қолдану» тақырыбындағы семинар-воркшоп аясында
«Ізденіс пен шығармашылық – нәтижелі білім берудің кепілі» Идея + қолдану = нәтиже педагогикалық идеялар шеруі мұғалімдердің кәсіби ізденісі мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шара болды
🎤 Қатысушылар:
Джубанова Акдана Демишовна,
Абдижапарова Гульмира Тельмановна,
Оразғалиева Агілгек Ердаулетовна
*Математика, физика және информатика пәні мұғалімдері*
Педагогикалық идеялар шеруі барысында мұғалімдер оқу үдерісінде тиімді қолданылып жүрген авторлық идеялары мен әдістемелік жаңашылдықтарын ұсынды. Әрбір ұсынылған идея нақты тәжірибемен ұштасып, *«идея – қолдану – нәтиже»* қағидасы негізінде көрсетілді.
Шеруде:
* сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған тың әдістер;
* шығармашылық пен сыни ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар;
* цифрлық құралдар мен инновациялық технологияларды тиімді қолдану тәжірибелері ұсынылды.
Қатысушылар өз идеяларының оқу жетістіктеріне әсерін нақты мысалдармен дәлелдеп, әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасты.
✨ Бұл педагогикалық идеялар шеруі – жаңашыл ой, үздік тәжірибе және нәтижелі оқытудың тоғысқан алаңы болды.
Ізденісімен, шығармашылығымен ерекшеленіп, құнды педагогикалық идеяларымен бөліскен әріптестерімізге шынайы алғыс білдіреміз! 🌷
