🌟 «ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ: ИННОВАЦИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ, ТӘЖІРИБЕ»
«Математика, физика және информатика
сабақтарында инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәжірибені тиімді қолдану» тақырыбындағы семинар-воркшоп аясында
📌 Шеберлік сағаты: «Жасанды интеллект – мұғалімнің заманауи көмекшісі» ЖИ платформаларын қолданудың жаңаша тәсілдері
🎤 Спикер:
Алдабергенова Гульзада Ондагановна, Аманчаева Карылгаш, Тұрманбетова Лаура Сайлаубайқызы
Математика, физика және информатика пәні мұғалімі
Шеберлік сағаты барысында жасанды интеллект құралдарын сабақ жоспарлау, тапсырма құрастыру, слайд жасау үдерісінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді. Мұғалімдер ЖИ платформаларының оқыту сапасын арттырудағы мүмкіндіктерімен танысып, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
✨ Бұл шеберлік сағаты – заманауи мұғалімнің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған нақты қадам болды.
Спикерлерге кәсіби шеберлігі мен жаңашыл тәжірибесі үшін алғыс білдіреміз!
