💪💪💪«Спорттық және әлемдік чемпиондар»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ұшқыр ой» жобасы бойынша «Спорттық және әлемдік чемпиондар» тақырыбында зияткерлік ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ адалдық, табандылық, еңбекқорлық секілді маңызды құндылықтарды бойларына сіңіру.
Аталған зияткерлік ойынға мектебіміздің мақтанышы, танымал спортшы, әлем чемпионы Хамзе Ғұлама арнайы шақырылды. Кездесу барысында чемпион оқушылармен өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, спорттағы жетістікке жетудің жолдары, мақсат қоя білу, тәртіп пен үздіксіз еңбектің маңызы туралы тағылымды ойларын жеткізді.
Зияткерлік сайысқа 6–7 сынып оқушылары белсене қатысып, топтық форматта білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. Ойын қорытындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Бұл іс-шара оқушылар үшін үлкен мотивация беріп, олардың болашаққа деген сенімін нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз мақсаттарына адал болуға тәрбиелеуге бағытталды.
#адалазамат
#спорттықсайыс
@aktau.bilim_bolimi
@birtutas_tarbie_mangystau
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@rumcdo.kz
