📌📌📌«Жол тәртібін жадында ұста»
2025 жылдың 26-желтоқсан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сай, желтоқсан айының «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында каникул кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында «Жол тәртібін жадыңда ұста» тақырыбында мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына қауіпсіздік сабағы өткізілді. Шараға 2178 оқушы қамтылды. Сабақ барысында оқушыларға қысқы каникул кезінде жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, мұз үстіндегі қауіпсіздік, тұрмыстық және интернет қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, түрлі жағдаяттар бойынша бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық кеңестер берілді. Шара оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.
Сондай-ақ жаңа жылдық мереке күндері кезінде қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды. Оқушыларға отшашулар мен пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі қауіп-қатерлер, электр гирляндаларын қауіпсіз пайдалану, бөгде адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, көпшілік іс-шараларда өзін дұрыс ұстау ережелері түсіндірілді. Бұл ақпараттар балалардың мерекелік күндерді қауіпсіз әрі көңілді өткізуіне бағытталды.
👩🏫 Сынып жетекшісі: Медоуова Ү.
#ЖолТәртібінЖадындаҰста
#адалазамат
@aktau.bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
