Skip to content

🎄❄️ «Жаңа жылдық кеш» «№14 ЖББМ» КММ-де Жаңа жылдық кеш…

🎄❄️ «Жаңа жылдық кеш»
«№14 ЖББМ» КММ-де Жаңа жылдық кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды! Мерекелік кеш оқушыларға шаттық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсерге толы өтті. Кеш барысында білім алушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, ойындар ұйымдастырылды.
Әсем безендірілген спорт залы, жарқыраған шырша, Аяз ата мен Ақшақардың келуі кештің әсерін одан әрі арттырды. Әрбір өнер көрсетілім оқушылардың дайындығы мен белсенділігін айқындап, ерекше қуаныш сыйлады.
Жаңа жылдық кеш – оқушылардың өнерін шыңдап, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайтатын тәрбиелік маңызы зор іс-шара. Балалар мерекеден көтеріңкі көңіл-күймен, ұмытылмас естеліктермен тарқасты.
«№14 ЖББМ» КММ ұжымы барша ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды!
Жаңа жыл баршаңызға амандық, зор денсаулық, табыс пен бақ-береке әкелсін! 🎉✨

#жаңажыл2025🎄🎁🎀⭐️🎊🎉
#адалазамат
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@birtutas_tarbie_mangystau
@aktau.bilim_bolimi
@rumcdo.kz