Skip to content

👩🏻‍🏫 ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ…

👩🏻‍🏫 ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН, ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМЛАСТЫРУ ҚАБІЛЕТІН, ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ПЕДАГОГ-МОДЕРАТОР САНАТЫНДАҒЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ ОНКҮНДІГІ.

2025 жылдың 2- желтоқсан күні ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог- модератор Имашева Калдигул Бердигожаевна 9 ”Б” сыныбына  “Charity and conflict ” тақырыбында ашық сабақ өткізді.  
✅Сабақтың оқу мақсаты:
9.1.1.1 use speaking and listening skills to solve problems creatively and cooperatively in groups
9.2.5.1 recognize the opinion of the speaker(s) in unsupported extended talk on a wide range of general and curricular topics;
9.3.2.1 ask complex questions to get information on a range of general and curricular topics
✅Сабақ барысында “Quezlet”, платформасымен жұмысжасады. “Charity and Conflict” тақырыбындағы сабақ оқушылардың әлеуметтік тақырыптарға деген қызығушылығын оятып, олардың функционалдық сауаттылығын арттыруға ықпал етті. Сабақ барысында оқушылар қайырымдылық пен қақтығыс арасындағы байланысты талдап, түрлі әлеуметтік мәселелердің себеп-салдарын анықтауға тырысты. 
  Жеке, жұптық және топтық жұмыс түрлері арқылы оқушылар өз ойларын еркін білдіруге, аргументтер келтіруге, диалог құруға және сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Әсіресе, постер жасау, пікірталасқа қатысу және проблемалық сұрақтарға жауап беру тапсырмалары арқылы оқушылардың сөйлеу және тыңдау қабілеттері нығайды. Сабақтың соңында оқушылар қайырымдылықтың қоғамдағы рөлі, әлеуметтік әділеттілік, кемсітушілік, кедейлік, аштық секілді мәселелер туралы ойланып, өз пікірлерін ортаға салды. Сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталды.