ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН, ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАБІЛЕТІН, ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ САНАТЫНДАҒЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ ОНКҮНДІГІ.
📅2025жылдың 3 желтоқсан күні информатика пәні мұғалімі Аманчаева Карылгаштың
9 “В” сыныбына информатика пәнінен ашық сабағы өткізілді.
✅Сабақтың оқу мақсаты:
📌9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау
✅Сабақ барысында «Бейнелер сөйлейді», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Кім шапшаң?», әдістерін қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, арттыруда топпен жұмыс жасау арқылы теориялық білімді практикамен ұштастыруға әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданды. PowerPoit бағдарламасын, Wordwall, Narakeet, Adobe Express, Mentimeter платформаларын шебер қолданды. Сабақ тартымды да, қызықты, жоғары деңгейде өтті.
