📚 Семинар-практикум өтті!
4 желтоқсан 2025 жылы мектебімізде Қалалық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Балзия Саудабаевна қатысуымен
“Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы” атты семинар-практикум ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара “Кәсіби өсу: Бір мақсат – бір даму” жобасы аясында өткізіліп, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталды.
🎯 Семинардың мақсаты:
• мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту;
• білім сапасын арттыру бойынша тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу;
• тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру;
• педагогтердің кәсіби өсуіне қолдау көрсету.
✨ Семинар барысында мұғалімдер жаңашыл тәжірибелермен танысып, практикалық жұмыстар арқылы өз білімдерін жетілдірді.
@aktau_oku_adistemelik_ortaligi
@aktau.bilim_bolimi
