Skip to content

📅 2025 жылдың 28 қараша күні 💡 «Менің қолымнан бәрі…

📅 2025 жылдың 28 қараша күні
💡 «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбындағы дамытушы шеберлік сабақтары апталығы аясында “Бірге жасайық” атты ерекше іс-шара — Пазлдар күні өткізілді.

🧩 Іс-шараға 3, 6, 7-сынып оқушылары қатысып, топтық жұмыс арқылы:
• әлеуметтік өзара әрекет дағдыларын
• коммуникация және бір-бірімен келісу қабілеттерін
• бірлесе шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

✨ Пазлдарды біріге құрастыру балалардың көңіл-күйін көтеріп, бір-біріне қолдау көрсетуіне, сондай-ақ ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға ықпал етті.

🌟 Шара соңында әр топ өз жұмыстарын таныстырып, жетістіктерімен бөлісті. Балалардың қызығушылығы мен белсенділігі — біздің басты жетістігіміз!