✨ “Түстер әлемі” – ерекше оқушылармен жарқын күн!
2025 жылдың 27 қарашасында 2–3 сыныптың ерекше білімді қажет ететін оқушыларымен “Менің қолымнан бәрі келеді” дамытушы шеберлік сабақтары апталығы аясында қызықты да пайдалы “Түстер әлемі” ойыны өткізілді.
Бұл сабақта балалар түрлі түстерді ажырату, сенсорлық сезімдерін дамыту, ұсақ моторика мен қимыл үйлесімділігін жетілдіру бойынша белсенді тапсырмалар орындады.
🎨 Ойын барысында әр бала өз шығармашылығын көрсетіп, түрлі-түсті элементтермен жұмыс жасай отырып, өзіне деген сенімін арттырды.
Қуанышқа, қызығушылыққа толы әсерлі сәттер балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мақсаты:
• Ұсақ моториканы дамыту
• Қимыл үйлесімділігін нығайту
• Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
• Өзіндік сенімін қалыптастыру
Әр баланың мүмкіндігі шексіз. Тек қолдау, түсіністік және дұрыс бағыт қажет ❤️
