✨ «Жарқыра, балақай!» – дамытушы ойындар күні ✨
2025 жылдың 25 қараша күні ерекше білімді қажет ететін оқушылармен “Менің қолымнан бәрі келеді” шеберлік сабақтары апталығы аясында «Жарқыра, Балақай!» тақырыбында 1,2 сынып оқушыларымен дамытушы ойындар күні өткізілді.
Бұл күннің мақсаты – балалардың ұсақ моторикасын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, шығармашылық белсенділігін арттыру, сондай-ақ өз күшіне деген сенімділігін нығайту болды. Ойын барысында балалар түрлі тапсырмаларды орындап, жаңа дағдыларды меңгеріп, өз мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік алды.
🌈 Дамытушы ойындар балалардың танымдық қызығушылығын оятып, олардың әрқайсысының бойындағы ерекше қабілетін жарқыратуға бағытталды. Жылы атмосфера, қолдау мен мотивация – бұл күннің басты рухы болды.
🔹 Жауаптылар:
– директордың бейіндік жөніндегі орынбасары Орысбай А.К.
– педагог-логопед, дефектолог Маратқызы А.
Балалардың қуанышты сәттері мен жарқыраған жетістіктеріне куә болу – біз үшін үлкен бақыт! ✨
