Педагог кадрлардың біліктілік санаты бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін , педагогикалық шеберлігін , оқу үдерісін ұйымдастыру қабілетін , заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеру деңгейін тәжірибе жүзінде көрсету мақсатында педагог-сарапшы санатындағы ұстаздардың онкүндігі.
2025 жылдың 20қарашасы күні Бастауыш сынып мұғалімі педагог -сарапшы Хайрова Баян Ордабаевна 3”А”сыныбына Түбір мен қосымша тақырыбына ашық сабақ өткізді.
✅Сабақтың оқу мақсаты:
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру .
3.4.1.2 түбір сөзге -ы ,- і дауысты дыбысынан басталатын қосымша жалғанған кездегі түбірдің өзгерісін сақтап жазу.
✅Сабақ барысында оқушылар берілген тапсырмалар мен интерактивті ойындарға белсенді қатысып, қызығушылық танытты. «Асықтар» ойыны, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап және топтық тапсырмалар арқылы олардың ойлау дағдылары, тілдік қоры және бір-бірімен қарым-қатынас жасау қабілеті дамыды. Ойын элементтерін қолдану сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың оқу процесіне ынтасын күшейтті. Оқушылар тапсырмаларды түсініп, өз ойларын жеткізе алды .
