«Мектеп ережелері түсіндіру»
4-сынып оқушыларына мектептің ішкі тәртіп ережелері түсіндірілді. Түсіндіру барысында сабаққа уақытылы келу, мектеп формасын сақтау, оқу құралдарын ұқыпты пайдалану, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау және қауіпсіздік талаптары бойынша басты нормалар қарастырылды.
Сонымен қатар, оқушыларға қарым-қатынас мәдениеті, мектеп аумағындағы мінез-құлық ережелері және төтенше жағдай кезіндегі эвакуация тәртібі түсіндірілді.
Ережелерді сақтау білім алудың тиімділігіне, сыныптағы тәртіптің нығаюына және қауіпсіз орта қалыптастыруға оң ықпал ететіні атап өтілді.#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@aktau.bilim_bolimi
@rumcdo.kz
@birtutas_tarbie_mangystau
