Skip to content

👩🏻🏫 ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ…

👩🏻🏫 ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН, ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАБІЛЕТІН, ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ПЕДАГОГ-ШЕБЕР, ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ САНАТЫНДАҒЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ ОНКҮНДІГІ.

📆2025 жылдың 21 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші Акимова Акгул Алигуловна 6 ”Ж” орыс сыныбына “Ел жүрегі- Астана” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
✅Сабақтың оқу мақсаты: 📌
6.1.6.1.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру.
6.5.1.5.Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.
✅Сабақ барысында “Миға шабуыл “, “Мағынаны ашу” , “Шаттық шеңбері”, “Синквейн”, рефлексия «БББ» әдістерімен бірге қазіргі заман талабына сай Жасанды Интеллект бойынша
“Mentimeter”платформасын(онлайн жауап жинау),”«D-ID» платформасын (видеоматериал тыңдату),”Shyraq AI” платформасын (сергіту-ойын ойнату) тиімді қолдана отырып,оқушылардың білім сапасы мен танымдылығын арттыруға ықпал етті.