Skip to content

✨Табиғатты аялау – әрқайсымыздың қолымызда! 2025-жылдың 8-қарашасы күні өткен «Бірыңғай…

✨Табиғатты аялау – әрқайсымыздың қолымызда! 2025-жылдың 8-қарашасы күні өткен «Бірыңғай грант операторы» ҰАҚ-ның қолдауымен және «Taza.Likee Жасыл мектеп» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Табиғатты қорғау – жастардың миссиясы» тақырыбындағы экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған облыстық бейнероликтер байқауына 9в-сынып оқушысы Кеңес Алдияр Қанатұлы қатысып, 🌿 «Менің өмірімдегі эко-әдеттер» номинациясы бойынша «Ең үздік жұмыс» деп танылып жеңімпаз болды. Конкурс мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударып, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және экологиялық мәдениетті насихаттау. Жетекшісі – Агзамова Сая Ерсайыновна.
Бұл жетістік – оқушының табиғатты аялауға деген ерекше ынтасы мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ жетекші ұстаздың кәсіби қолдауы мен бағыт-бағдарының жемісі.
🌿 Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларыңыз бен еңбектеріңіз өзге оқушыларға үлгі болып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға маңызды үлес қосады деп сенеміз.
Сіздерге алдағы уақытта да толайым табыс, жаңа идеялар және шығармашылық шабыт тілейміз!
Жеңістеріңіз көп болсын!

#меніңөмірімдегіэкоәдеттер
#tazalikee