📚✨ «Алтын сақа» олимпиадасы – дарынды оқушыларды анықтау алаңы! ✨📚
📅 2025 жылдың 24 қазан күні №14 мектепте «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 3–6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. 🏅
🔢 Олимпиаданың басты мақсаты – математика пәніне қызығушылық танытқан, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеті жоғары оқушыларды анықтау және қолдау. 💡
🎓 Марапаттау рәсіміне ерекше құрметті қонақтар қатысты:
🏆 «Математикалық регата – 2024» республикалық чемпионы, 🏆 IX Халықаралық математикалық олимпиада чемпионы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы директорының орынбасары – Ураков Алибек Джумабаевич және «Зерделі» орталығының ұйымдастырушы маманы – Кушерова Гүлдана Абильхановна қатысты.
Қонақтар жүлдегер оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады. 🌟
👏 Барлық қатысушыларды және жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Жас жеткіншектердің ғылым мен білімге деген қызығушылығы арта берсін! 💫
#алтынсақа
#зерделі
#математикаолимпиадасы
#жасзияткерлер
#дарындыбалалар
















