2025 жылдың 15 қазанында мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика, физика, география, информатика және химия пәндері бойынша барлығы 32 оқушы қатысты.
Іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша әр пәннен жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар пәндік олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысуға жолдама алады.
#пәндеролимпиадасы



