1 – сыныпқа қабылдау 24 және 26 шағын аудандар Қазақ Орыс сыныбына және 34,35,38шағын аудандар Орыс сыныбына құжаттар қабылданады. Орындар саны шектеулі
1 сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
1-сыныпқа осы жылы 6 жастағы және 6 жасқа толатын балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады.
Ата-ана адын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.
Қажет құжаттар тізімі:
• баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• 052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
• 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
• 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
• қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).
Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.
Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау тәртібі:
Биылғы жылғы 1 сыныпқа қабылдаудың басты ерекшілігі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөнінде 2024 жылғы 23 ақпанында қабылданған заңға сәйкес, лицейлер мен гимназияларға қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар дайындық деңгейлеріне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1 сынып оқушыларына психологиялық қысымды азайтуға бағытталған.
Гимназиялар мен лицей сыныптарына өтініш беру 1 сәуірден бастап сынып толымдылығы қалыптасқанға дейін жүзеге асырылады. Сондықтан, орын саны шектеулі болғандықтан, балаларын гимназиялар мен лицей сыныптарына беруді жоспарлаған ата-аналар, 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметті алуға кеңес береміз.