🎈 1 маусым – Балаларды қорғау күні 🎈
Мектебімізде Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Балалар ән айтып, би билеп, асфальтқа сурет салып, қызықты ойындарға қатысты. Сондай-ақ оларға балмұздақ таратылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің сәнін келтірді. Әр бала бақытты, аман және қамқорлықта өссін!
Балаларды қорғау күні – әр баланың құқықтарын қорғаудың маңызын еске салатын күн. Балалар – біздің болашағымыз.
Барша бүлдіршіндерді мерекемен құттықтаймыз! 💙
#1маусым #БалалардыҚорғауКүні #ХалықаралықБалалардыҚорғауКүні #БақыттыБалалықШақ #БіртұтасТәрбие
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@aktau.bilim_bolimi
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo_official
