📚 №14 жалпы білім беретін мектепте ата-аналар жиналысы 20 мамыр күні өткізілді.
2025–2026 оқу жылының аяқталуына және жазғы демалыс кезеңіндегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты №14 жалпы білім беретін мектепте кеңейтілген ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, ата-аналар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Жиналысты мектеп директоры А.Т.Нурумбаева ашып, оқу жылының қорытындылары мен алдағы жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар «Соңғы қоңырау» және мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Күн тәртібінде:
✅ «Соңғы қоңырау» және мектеп бітіру іс-шараларындағы қауіпсіздік талаптары;
✅ Жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
✅ Құқықбұзушылықтың, буллингтің, зорлық-зомбылықтың және келеңсіз жағдайлардың алдын алу;
✅ Интернет қауіпсіздігі мен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері қарастырылды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кешкі уақытта балаларды қараусыз қалдырмау, су айдындары мен ойын-сауық орындарындағы қауіп
