Skip to content

📍 №14 ЖББМ КММ 👨‍👩‍👧‍👦 Мектепішілік ата-аналар жиналысы Тақырыбы: «Балалардың…

📍 №14 ЖББМ КММ
👨‍👩‍👧‍👦 Мектепішілік ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана, мектеп және қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті арттыру мақсатында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында полиция капитандары Қынатов Н.С. және Сапаров Т.С. ата-аналарға
⚖️ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері,
⚖️ заң талаптарын сақтау,
⚖️ құқық бұзушылықтың алдын алу
тақырыптарында маңызды ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📌 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1️⃣ Білім беру ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтау
2️⃣ Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері
3️⃣ Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі
4️⃣ Құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу
5️⃣ Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері

Сонымен қатар, жиналыста
👩‍🏫 ДТЖО Сартова Ж.С. және
👩‍🏫 Жилгелдиева А.У.
бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, мектеп пен отбасының тығыз байланысы, оқушы қауіпсіздігін бірлесе қамтамасыз ету туралы мазмұнды баяндама жасады.

🛡️ Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!
🤝 Мектеп – ата-ана – қоғам бірлігі ғана жарқын болашақтың кепілі.

#адалазамат
#заңжәнетәртіп

@aktau.bilim_bolimi
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@aktau.bilim_bolimi