2025 жылдың 12 қарашасында өткен VII Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының қалалық кезеңіне мектебіміз атынан 11 «Б» сынып оқушысы Пилтан Оңдасын Айжарықұлы қатысып, жүлделі III орынды иеленді. Оқушының ғылыми-әдістемелік жетекшісі – Бижанова Гүлнара Сүлейменовна.
Бұл жетістік – оқушының еңбегі мен талпынысының, сондай-ақ жетекшінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Болашақтағы шығармашылық және ғылыми-танымдық ізденістеріне табыс тілейміз!
#ділмар


