2025-жылдың 14-қарашасы күні өткен 2–7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңінде 3 «Д» сынып оқушылары Ақбергенқызы Дария мен Мейіржанқызы Көркем жүлделі II орынға ие болды. Жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі Джумагалиева Жанар.
Оқушылардың бұл жетістігі олардың зерттеушілік дағдылары мен қызығушылықтарының, сондай-ақ жетекшінің бағыт-бағдар беруінің нәтижесі болып табылады.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!
#зерде




