2025 жылдың 18 қарашасында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған Республикалық «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер және шығармашылық фестивалінің қалалық кезеңі өтті. Аталған байқауға мектебіміздің 11 «Б» сынып оқушылары –
• Мұратұлы Әбілмансұр,
• Қалдықожаева Айым,
• Қазақбаева Бернара және
• Ходжа Дильназ қатысып,
I орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама жеңіп алды.
Оқушылардың өнер көрсетуіне жетекшілік еткен музыка пәні мұғалімі –
💐Нуржауов Сандибай Серкебаевич және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі – 💐Отуркулиева Калима Орунбайевна.
Бұл жетістік – оқушылардың шығармашылық қабілеті мен патриоттық ұстанымының, сондай-ақ жетекші ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады.
Шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушыларымыздың облыстық кезеңде де биік белестерді бағындырып, мектеп абыройын асқақтата беретініне сенім білдіреміз.
Шығармашылық табыс, жігер, рух және жаңа жеңістер тілейміз!
#жассарбаз




