Skip to content

2025-жылдың 19 қарашасы күні Ақтау қаласының №13 гимназия базасында өткен…

2025-жылдың 19 қарашасы күні Ақтау қаласының №13 гимназия базасында өткен «Маңғыстау самалы» облыстық бард әндері байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің атынан 11 «Б» сынып оқушылары –
🥇Мұратұлы Әбілмансұр,
🥇Қалдықожаева Айым,
🥇Қазақбаева Бернара және
🥇Ходжа Дильназ қатысып, жүлделі I орынды жеңіп алды.

Жетекшісі – Музыка пәні мұғалімі 💐🏆 Нуржауов Сандибай Серкебаевич.

Бұл — үлкен жетістік! Жас өнерпаздарымыздың еңбегі мен таланты осындай биік нәтижеге жеткізді. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылықтарыңыз өрлей берсін, әуезді әндеріңіз әрдайым тыңдарманның жүрегіне жол таба берсін!

Жетекшілеріне және қолдау көрсеткен барша жанға алғыс айтамыз. Алдағы байқауларда да биіктерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз! 🏆✨

#маңғыстаусамалы