✨ Abilympics-2026: «Тең мүмкіндік – тең болашақ!» ✨
Біздің мектептің ерекше дарынды оқушыларын үлкен жеңістерімен құттықтаймыз! 🏆 Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде өткен «Abilympics-2026» конкурсында №14 мектеп оқушылары өздерінің еңбекқорлығы мен шеберліктерін дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды.
🌟 Біздің мақтаныштарымыз:
🥐Нан пісіру құзыреттілігі: Шайахметов Тимур – І орын. Жетекшісі: Абдулаева Меруерт Шадияровна
🍕Пицца дайындау шебері: Балықбай Кәусар – ІІІ орын. Жетекшісі:Шодырова Айжан Теңелқызы
🥗Карвинг жасау (көкөністерден мүсін жасау): Ахаматқызы Ажар – І орын. Жетекшісі:Медоуова Үміт Етмишовна
🪢Құрақ тігу өнері: Ибрагимов Асхат – І орын. Жетекшісі:Амандықова Ботакөз Оқубекқызы
🎬Мобилография (бейнебаян түсіру): Иманбаев Керей – І орын. Жетекшісі:Муналбаева Гүлдана
Сіздердің бұл жетістіктеріңіз — қажымас қайрат пен шығармашылық ізденістің жемісі. Әрқашан биіктен көріне беріңіздер! 🎉👏
📅 Марапаттау рәсімі: 25 ақпан, сағат 15:00.
📍 Өтетін орны: Ақтау қ., 27 ш/а, 58 ғимарат
Жүрегі жылы, қолы алтын шеберлерімізге қолдау көрсетіп, лебіз қалдыра кетіңіздер! ❤️👇
#Abilympics2026
#ТеңМүмкіндіктер
#№14Мектеп
#Ақтау
#ЕрекшеБілімБеру
#Жеңімпаздар
