“Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының нұсқаулығы бойынша 9-сынып ата-аналарына арналған тренинг- сабақ өткізілді.
📌Тақырыбы:”Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады”
📌Мақсаты: ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту.
📌Міндеттері:
– ата-аналардың жас дағдарысы кезеңінде баламен өзара түсіністікке қол жеткізуге деген ұмтылысын дамыту;
– ата-аналардың адам дамуындағы жас кезеңдерінің мәдени бастаулары туралы, жасөспірімдер дағдарысы кезеңінің экологиялық өмір сүру ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
– ата-аналардың сындарлы келіссөздер жүргізу, жанжалдарды шешу, реніштерді кешіру дағдыларын қалыптастыру.
📌Өткізген:Муналбаева Г.
