«Әр жүректе – бір жұлдыз»: Жылдың ең жарқын кеші! ✨
29 мамыр күні №14 мектепте оқу жылының қорытындысы бойынша «Әр жүректе – бір жұлдыз» салтанатты марапаттау кеші өтті.
Бұл күні біз жыл бойы тер төккен:
🔹 Озат оқушыларды – білім шыңын бағындырғандарды;
🔹 Спортшыларды – жеңіс тұғырынан көрінген ерік-жігері мол жастарды;
🔹 Дарындыларды – олимпиада жеңімпаздарын;
🔹 Таланттыларды – өнер мен бидің майталмандарын арнайы марапаттадық.
Сондай-ақ, оқушылардың жетістігіне үлес қосқан ұстаздарымыз бен белсенді ата-аналарымызға да алғыс білдіріп, құрмет көрсеттік.
Мектеп директоры Алия Тельмановна Нурумбаева барша қауымды жыл қорытындысымен құттықтап, жаңа белестерге жетуге тілектестік білдірді. Кеш әдемі әндермен өрнектеліп, көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.
Баршаңызға алғыс айтамыз! Жұлдыздарыңыз әрқашан жарқырай берсін! 🌟
#№14мектеп #Ақтау #ӘрЖүректеБірЖұлдыз #БілімЖолы #Марапаттау Мұғалімдер АтаАналар
